Келес ауданының Бозай ауылында тұратын Әбдіжаппар Махмұтбеков тігіншілікті жанына серік еткен. Ол жастайынан сурет салуға қызығып, кейіннен дизайнер болуды армандаған. ІІІ топ мүгедектігі бар Әбдіжаппар Мұзапбарұлы Шымкент қаласында №5 колледжде тігінші мамандығы бойынша білім алып, бүгінде құрақ құрап, киім және ат жабдықтарын тігумен айналысуда. «Баламыз жастайынан зерек, сызба сызуға құмар болып өсті. Нәресте уақытында сырқаттанып, […]