Келес ауданындағы №33 «Жуантөбе» жалпы білім беретін мектебінің түлегі Сейдолла Бексұлтан Ұлыбританияға барып жеңіспен оралды. Казіргі таңда әскери қызметте жұмыс жасайтын мектеп түлегі, оқу ордасының мақтанышы болып табылады. Бексұлтанға бастауыш сыныпта сабақ берген сынып жетекшісі Меруерт Акирова оның жас кезінен талапшыл болғанын айтады. — Бірінші сыныптан бастап шәкіртімнің жауапкершілігі өте жоғары дәрежеде болды. Жоғары сыныпқа […]