Облыс прокуратурасы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның талаптарына қатысты тұрақты түрде түсіндіру іс-шараларын жүргізіп жатқанына қарамастан, жекелеген адамдар, оның ішінде шетелде жүргендер тарапынан тұрғындарды интернет-ресурстар арқылы заңсыз митингілер мен наразылық акцияларына қатысуға шақырулары жалғасуда. Айта кету керек, 2022 жылы екі өңір тұрғындары Түркістан және Кентау қалаларында келісілмеген митингілерге қатысуға шақырғаны […]