Адам ағзасында пайда болатын түрлі ауруларға қоршаған ортаның зиянды әсерлерімен қатар үй жануарлары, жәндіктер, сарышаяндар, кенелер, кеміргіштер де себепкер бола алады. Соңғы кезде елді мекендерде жиі кездесетін түрлі деңгейдегі жәндіктер мен кеміргіштер тобына қысқаша тоқталып өтейік. Кеміргіштер (егеуқұйрықтар, атжалмандар, үй тышқандары) мен жәндіктер тұрғын үйлерді, қоқыстарды, қамбаларды, мал қораларын, элеваторларды жағалайды. Ең бастысы олар […]