Кентау қалалық полициясына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінен қаладағы кафелердің бірінің тағамдарынан тұрғындардың жаппай уланып, ауруханаға түскені бойынша хабарлама келіп түсті. Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 304-бабы 1-бөлігімен «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары дәмхана қызметкерлерінен, оқиға куәгерлерінен жауаптар алып, сұрастыру жұмыстарын жан-жақты жүргізуде. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының зертхана қызметкерлерімен […]