Астанада Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Айтулы байқауда Түркістан облысы, Кентау қаласының тұрғыны Ерлан Әбдиев «Күшті жігері және жеңіске талпынысы үшін» сыйлығының иегері атанды. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарға қарым-қатынас этикасы және ситуациялық көмек көрсету бойынша оқыту тренингтерін ұйымдастырған. Айта кетейік, әр аталым бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлық тапсырылды. Жалпы […]