Түркістан облысында 2022 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін тағамдық токсикалық инфекцияға шалдығудың 2 жағдайы тіркеліп, жалпы 15 адам зардап шеккен. Тамақтан уланудың біреуі үй жағдайында орын алса, екіншісі Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының біріне қатысты. Кентаулық 8 азаматтың орталық ауруханаға жатқызылғандығы туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына шұғыл хабарлама келгеннен кейінгі зерделеу жұмыстары нәтижесінде, тамақтан уланған […]