Кентау қаласында орналасқан «Ризық-Рауаны» қоғамдық тамақтану орнында фаст-фудқа тапсырыс беріп, жаппай уланғандар саны 92-ге жетті. Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалды. Түркістан облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (СЭБД) мәліметінше, тамақтан уланғандар ауруханаға сейсенбі, 27 маусымнан бастап түсе бастаған. Содан бері олардың саны артқан. Фаст-фуд өнімдерінен уланғандардың 51-і ересектер адамдар болса, 41-і 14 жасқа дейінгі балалар. СЭБД хабарлауынша, […]