Кентау қаласында әлеуметтік желіде пікір жазғаны үшін бір азаматты балталап кеткен. Жәбірленушінің сөзінше, бәсекелес компанияның желідегі жазбасына «жеңілдік жасап, халықты алдап отыр» деп жазған пікірі үшін компания директоры оны соққыға жығып, бірнеше жерінен балтамен ұрған. Зардап шеккен азамат орташа дене жарақатымен ауруханаға түскен. Ал соққыға жыққан азаматтың туыстары жәбірленушіге кешірім бермесең, «аямаймыз»деп қорқытып отырған көрінеді. […]