Кентау қаласы Хантағы ауылының тұрғыны Бақытгүл Саттархан үшемдерді дүниеге әкелді. Бұған дейін бір балалы болған Ермахановтар отбасында енді төрт бала тәрбиеленбек. Айта кетейік, үшемдердің екеуі ұл, біреуі — қыз. Оларға Бағым, Аңсар, Аслан есімдері қойылды. Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 29 аптасында дүниеге келді. Олардың бірінің салмағы — 1 480 грамм болса, екіншісі — 1 […]