Кентаудағы бірнеше көпқабатты үйге газ берілді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады. Қаланы жылумен қамту барысымен танысты. Қала әкімі мен жауапты басшыларға жылу және өзге де шұғыл шешуді талап ететін мәселелер бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.  – Тұрғындарды инфрақұрылыммен қамтып, қолайлы жағдай жасау – міндетіміз. Кентау Түркістанмен бірге дамитын әрі әлеуеті зор шаһар. Жылуға, су жүйесіне қатысты түйткілдер қатаң бақылауда болады, – деді Дархан Сатыбалды.  Бүгінде Кентаудағы Ш.Уәлиханов көшесіндегі жаңадан соғылған көпқабатты 10 тұрғын үй газ жүйесіне қосылуда. Бұл үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында сыртқы газ жүйлеріне жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары былтыр аяқталды. Қазіргі таңда Ш.Уәлиханов көшесіндегі №160, 162, 164-ші үйлердегі 180 пәтер табиғи газбен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге №178, №188 және өзге де үйлерді жылумен қамту жұмыстары аяқтаулға жақын.  Тұрғын үйлерді аралаған өңір басшысы «Кентау Сервис» МКК №5 жылу электр орталығында да болды. Қазіргі таңда орталықтандырылған жылуға 14 мыңға жуық абонент қосылған. Оның ішінде 108 бюджеттік мекеме, 2295 жеке секторлы тұрғын үй, 346 көпқабатты тұрғын үй, 441 коммерциялық нысанға жылу берілуде. Жылу орталығы қажетті мазутпен, көмірмен және сұйық отынмен қамтылуда. Орталықты жөндеуден өткізу мәселесі де назарда тұр. Дархан Сатыбалдыға «Қосқорған» су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу жобасының ІІ кезеңіндегі жоспары таныстырылды. Осы арқылы су қоймасының сыйымдылығы реттеліп, қауіпсіздігі нығая түспек. Аталған жобаның І кезеңі бойынша жұмыс қолға алынған. Ол бойынша Кентау қаласындағы «Мірғалымсай» кен орнында шахталық сутөкпе салу және тік дренаж ұңғымаларын орнату көзделген. Қазіргі уақытта 11 ұңғыманың 10-ында бұрғылау жұмысы аяқталған.  Одан кейін облыс әкімі қаланың кәріз тазарту станциясының жай-күйімен танысты. «Кентау қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысы» жобасын іске асыру бойынша жобаның техникалық экономикалық негіздемесін келісу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Жоба бойынша 40 га жер теліміне жаңа кәріз су тазарту станциясы салынып, су тазарту құрылымдарымен қамтылады. Бұл станция қаланың кәріз су жүйесін толық тазалауға қауһарлы болмақ.  Кентаудағы маңызды жобалар мен нысандардың жағдайымен танысқан өңір басшысы инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жұмыстарға қолдау жалғасатынын жеткізді. Басшыларға су нысандарына қатысты жобаларды әбден зерттеп барып, сапалы атқаруды тапсырды.   

Читать источник turkistan.tv
Елорданың мектепке дейінгі ұйымдары қаңтардан бастап ваучерлік қаржыландыруға көшеді
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды
Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатында бір күнде үш алтын медаль жеңіп алды
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды