Кентауда тұрғындардың фаст-фуд өнімдерінен улану фактісі бойынша жаңа дерек шықты. «Ризық Рауаны» тамақтану орнындағы тағамнан уланғандар саны артқан. Сонымен қатар ондағы бірнеше қызметкерден сальмонеллез бен стафилококк қоздырғышы анықталған. Түркістан облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, уланғандар саны 100-ге жетті. Олардың 40-тан астамы 14 жасқа дейінгі балалар. Уланғандар арасында жүкті әйелдер де бар. Бүгінгі таңда 25 науқас […]