Кентаулық көпбалалы ана Раушан Жартыбаева мемлекеттік бағдарламаның арқасында өз арманына қол жеткізген. Бала кезден тігіншілікті армандаған ол мемлекеттен берілген мүмкіндікті пайдаланып кәсібін ашқан. Алты баланың анасы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында қайтарымсыз грант жеңіп алып, тігіншілікке қажетті құрал-жабдықтарын сатып алған. Бүгінде шағын цехында перденің түр-түрін заманауи үлгіде тігіп кәсібін дөңгелетіп отыр. […]