Кентауға жылу мерзімінде беріледі. Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған үкімет басшысы Әлихан Смайылов Кентау қаласындағы жылу орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ , өңірдегі әлеуметтік нысандарды аралап, индустриалды аймақтың бүгінгі ахуалын да өз көзімен көрді. Кентаудағы жылу электр орталығындағы 6 қазандық соңғы 10 жылда күрделі жөнделмеген. Бұл жұмыстарға биыл қазынадан қыруар қаржы бөлініп, қазандықтар жөндеуден өтті. […]