Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде, жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушінің бейнежазбасын анықтады. Яғни ол көлік жүруге болмайтын Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің алдындағы аллеяда “Hyundai Sonata” автокөлігімен жүріп өтіп, жаяу жүргіншілерге қауіп төндірген. Осы бейнежазбаға орай Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері дереу іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде құқық бұзушы көлік жүргізушісін, жас жігітті анықтады. […]