«Мемлекеттік бағдарламамен берілетін пәтерді кезексіз алып беремін» деп алдын ала ақшасын алып, алдап кеткен. Кезекті оқиға Шымкент қаласында орын алды. Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бір жылдан бергі танысы «кезексіз пәтер алып беремін» деп, алдын ала 660 000 (алты жүз алпыс мың) теңгесін алып, үш ай бойы уәдесін орындамай […]