Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол ережесін бұзушыларды анықтау бойынша профилактикалық іс-шаралар аясында, салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарған көлік иесін анықтады. Мәселен полиция қызметкерлері «Шымкент-Самара» тас жолында қызмет атқару кезінде «Кибер-шериф» автоматты жүйесінің көмегімен Түркістан облысының тұрғынының басқаруындағы «Фольксваген Пассат» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде аталған автокөліктің сот орындаушысының қаулысына сәйкес жалпы […]