«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы киберқауіпсіздік саласындағы жетекші компания — TSARKA-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын жариялады. Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және Мемлекеттік корпорацияның ақпаратын қорғауға бағытталған. Әріптестік аясында TSARKA ақпараттық жүйелердегі осалдықтарды анықтау және жою мақсатында Tumar.One платформасынан зерттеу және тестілеу жүргізу үшін баг-хантерлерді белсенді түрде тартады. Баг-баунти платформасы – тәуелсіз […]