Қызылорда облысының екі тұрғыны заңсыз аң аулауға шығып, киіктерді автокөлікпен қуып, жануарлар табынына оқ атқан. Олардың көлігін табиғатты қорғау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының инспекторлары тоқтатқанда, көлік ішінде 30-дан астам киік еті, 5 киік басы барын анықтаған. Сараптама қорытындысына сай, мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық […]