Ұлттық стаистика бюросының мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда кілем өндірісі төмендеді. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында кілем мен кілем өнімдерінің өндіріс көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1% төмендеді. Мәселен, 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында қазақстандық кәсіпорындар 2,7 млн м2 кілем өнімін шығарса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3,6 млн м2 өнім өндірілген. Бұл ретте аталған өнімдердің импорты 3,5% қысқарды. […]