Мемлекет басшысының есірткі және психотроптық заттар айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп есірткі арналарының жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. 50 мыңнан астам адамды тарта отырып, есірткі сату жөніндегі 55 telegram-арнаның заңсыз қызметін тоқтатты. Олардың жалпы айналымы 48 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері ҚМА материалдары бойынша елдің құқық қорғау органдарымен (ҰҚК, […]