ҚМДБ оразаға байланысты кәсіпкерлерге үндеу жасады

Рамазан айының басталуына да санаулы күндер қалды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кәсіпкерлерді оразада азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеуге шақырады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында Түркістан қаласының бас имамы мәлімдеді. Биылғы Рамазан айының қандай ерекшелігі бар? Тілшіміз тарқатады.     Балиғатқа толған әрбір азаматқа ораза парыз. Халқымыз Рамазан айын асыға күтіп, ерекше дайындалады. Керек азық-түлігін сатып алып, ертерек қамданады. Осы сәтті пайдаланған кәсіпкерлердің ораза айында азық-түлік бағасын шарықтатып жіберетіні бар. Сондықтан, имамдар Рамазан айының құрметіне халықтың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға үндеді.   МҰХАММЕДЖАН ЖҰМАДУЛЛАЕВ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ Құрметті Қазақстандықтар  барша мұсылман жамағаты құрметті қауым қасиетті шарапаты мол айда бизнес саласында жүрген бауырларымыздай бағаны өсірмеуге шақырамыз.     Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Оның мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленді. Имамдар "оразада ішімдік ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, ас беру ауызашар уақытына орай өтсе", - деген тілектерін жеткізді.      Биыл Рамазан айының бірінші күні 23 наурызда басталып 29 күнге созылады. Сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – Қадір түні. 21 сәуір – ораза Айт мерекесі.

Читать источник turkistan.tv
Атырауда 5 жастағы баланың басы орындыққа қысылып қалған
Биыл 18 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қызының мәйітін сөмкеден тапқан ана жанайқайын жеткізді
Айгүл Иманбаева ағылшындардың Жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты
Есімі ер есінде: Биыл белгілі журналист Ахметбек Ибраевтың туғанына 100 жыл толды
Қарағандыда саяхатшыларды алдаған алаяқ сотталды
Әкелі-балалы хоккейшілер ойын ортасында жаға жыртысып қалды – ВИДЕО
Астанада ломбард тонаған шетелдік азаматтар ұсталды
"19 горилла сынақтан өтіп жатыр": Жануарлар да банктен шот ашуға мүмкіндік алуы ықтимал
ТЖМ құтқарушылары егде жастағы әйелге көмек көрсетті
Бай болудың құпиясы: 50 жылдық зерттеу нәтижесінде табысты болудың сыры ашылды
2025 – жұмысшы мамандықтар жылы: мамандар қалай білім алып жаты
Астанада запастағы әскерилерге арналған әлеуметтік қолдау орталығы ашылды (ФОТО)
ШҚО-да Қазақстан Республикасы Президентінің жаңажылдық шыршасы өтті
Қатерлі аурулардың қаупін арттырады: Ғалымдар шай қалташаларының зиян екенін анықтады
Жыл жетістігі: Шымкентте “Шахматшылар үйі” пайдалануға берілді
«Шырша» операциясы: Абай облысында табиғат қорғау заңын бұзғандар анықталды
Шымкентте «Шахматшылар үйі» пайдалануға берілді
22 жедел жәрдем көлігі табыс етілді
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке ие болды
Түркістандық дәрігер «Жақсы адам-2024» сыйлығының иегері атанды
Мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды
Атырауда 5 жастағы баланың басы орындыққа қысылып қалған
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады