Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында талқыланды. Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен өткен отырыста Кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері және мемлекеттік органдар басшылығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көзделген бірқатар проблемалық мәселелерді қарады. Автожолдар салуға, қала бюджетін игеруге және сервистік полиция жұмысына байланысты әкімдік пен полицияның бейінді басқармалары […]