Қоғамдық көлікте жолақысын төлеудің электрондық жүйесі еліміздің барлық өңірінде енгізілді, деп хабарлайды Көлік министрлігі. «Аталған жүйелердің жұмысын жалпы саны 14 оператор қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылда республика бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 34%-тен 79%-ке дейін ұлғайды», – деп жазды ведомство. Министрліктің мәліметінше, жолақысын электронды түрде төлеудің арқасында қоғамдық көлік жұмысының тиімділігі артады. Қанша жолаушы жүргені […]