Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қоғамдық орындарда тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын балағат сөздер айтқаны үшін Р. -ге қатысты істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі). Сотта «Instagram» әлеуметтік желісінде аялдамада белгісіз адам аялдама павильонының әйнегін әдейі сындырып, ал Р. телефонға түсіріп, сөйлеген сөзінде әдепсіз сөз айтқаны анықталды. Сотта Р. өзінің кінәсін толық мойындады […]