Астана қаласында қыркүйектің 5-не Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталады. Онда 21 спорт түрі бойынша 90 елден 2000-нан астам спортшы бақ сынайды. Сондықтан көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Дүбірлі додаға дайындық аясында бүгін Шымкентте көкпар спортының төрешілеріне арналған халықаралық тренинг-семинар басталды. Халықаралық тренингке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия, Мажарстан, Грузия, Пәкістан мемлекеттерінен, жалпы 35 […]