Шымкентте жауған қалың қар тұрғындарды біраз әбігерге салғаны анық. Өз кезегінде коммуналдық мекемелер күшейтілген режимде жұмысқа кіріскен. Олардың қатарында төтенше жағдайлар департаменті мен ауруханалардағы жарақат бекеттері де бар. Мысалы, күн суытқаннан бері бір ғана клиникалық ауруханаға түрлі жарақатпен 80 азамат дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Апта басында жауған жаңбырдың арты қарға ұласып, күннің күрт суытуынан көше жолдарындағы […]