Шымкентте демалыс күндері толассыз жауған қар соңы көктайғаққа ұласты. Салдарынан, діттеген жеріне жете алмаған бірнеше тұрғын ауруханадан бір-ақ шықты. Қолайсыз ауа райы қаладағы жол қозғалысына да әсер етті. Көшеде тайып құлап, дәрігерге жүгінгендердің саны артты. Шымкентте небәрі 3 күннің ішінде көктайғақтан жапа шеккендер саны 200-ден асып кеткен. Тіпті арасында ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, ота жасалғандары […]