Биыл көктемде 18 мыңнан астам ер азамат әскерге шақырылады. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Бауыржан Артықов мәлімдеді. Бүгіннен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары өз жұмысын бастап кетті. Осы шаралар 1 шілдеге дейін жалғасады. Әскер қатарына 18-27 жас аралығындағы ер азаматтар қарулы күштерге және басқа да әскери құрылымдарға шақырылады. […]