Көктемгі егіс жұмыстарына арналған дизель отыны қымбаттамайды. Барлық облыста былтырғы баға сақталады. Яғни, қосымша құн салығымен бірге литріне – 250 теңге. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында айтты. Бұл бөлшек саудадан 15 пайызға немесе 45 теңгеге арзан. Жыл басында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 340 мың 300 тонна жанармай жеткізу кестесі бекітілген болатын. […]