Өрт тілсіз жау, алдын алу шараларын пысықтамаса қайғылы оқиғаларға әкеліп соғады,- дейді төтеншеліктер. Былтыр дендросаябағы аумағында орын алған өрт қайталанбас үшін мекеме, ұйымдар, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқу жаттығу шаралары қолға алынған. Демалыс аймағының басшысына әкімшілік шара көрілген. Эльмира Ережепова, Шымкент қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы: «Дендросаябақтың директоры 45 мың теңге айыппұл […]