Түркістанда сенбі күні «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясы өтеді. Сенбілік облысқа қарасты барлық аудан, қалаларда ұйымдастырылады. Түркістан қаласында әкімшілік іскерлік орталықтың маңы, «Жеңіс», «Жібек жолы» саябағы және басқа да аумақтарда тазалық жұмыстары жүргізілмек. Ал өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында 2019-2022 жылдары облыс орталығындағы 7700 га жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланды. Қазіргі таңда меже орындалып, 13 […]