Жылдар бойы қараусыз қалған демалыс аумағы заманауи талапқа сай абаттандырылып, халықтың серуен алаңына айналып отыр. Қала әкімінің тапсырмасы аясында нысанда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Әкімдіктің мәліметінше, көлдің түбі тазаланып, айналасы абаттандырылды. Көгалдандырылған аумаққа озық үлгідегі жарық жүйелері жүргізілді. Су қоймасы толтырылып, субұрқақтар іске қосылды. 950 шаршы метрге бетон төселіп, 350 шаршы метр гранит жаңаланған. Қала […]