Түркістан облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына сарыағаштық тұрғын хабарласып, өтінішін айтты. Жас жігіттің айтуынша, оған жол ережесін бұзбаса да айыппұлдар келіп тұрған. Сондықтан тұрғын көлігінің нөмірін біреу тағып жүруі мүмкін екенін айтып, күдігін жеткізген. Күні-түні қызметте отырған полицейлер, орын алған құқық бұзушылықты анықтауға бірден кірісті. Тәртіп сақшылары қажетті деп танылған барлық шараларды іске асырды. […]