Түркістан облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын қоғамдық көлік жүргізушілері арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және көлік тәртібін арттыруға бағытталған «Автобус» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Ордабасы ауданының полицейлері рейд барысында ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы «Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу» бойынша, 590-бабы 7-тармағы «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша […]