Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған 3043 шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 2801 шетел азаматы Қазақстан аумағында болу қағидаларын бұзған. Сот шешімдері бойынша 837 құқық бұзушы ел аумағынан шығарылды. Атап айтқанда, Астана станциясының теміржол вокзалы аумағында көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері 22, 28 және 33 жастағы үш шетелдікті анықтады. […]