Бас көлік прокуратурасы бизнес субъектілерінің құқықтарына нұқсан келтіретін фактілерді анықтады. Көлік прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 2 мыңнан астам кәсіпкер 2,4 млрд теңге ақшасын қайтарып алатын болды. 2022 жылдан бастап қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төленетін төлемдер бойынша міндеттемелер өзгертіліп, кәсіпкерлердің жекелеген санаттары экологиялық төлемдерден босатылған.»Осыған қарамастан бұл мән-жайларды білмеген кәсіпкерлер тиісті төлемдерді жүргізе берген. […]