Шымкентте 18 жасар жүкті әйел көшеде қалды. «Күйеуімнен қорлық көрдім» деген ол тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын алға тартты. Аяғы ауыр әйелдің айтуынша, күйеуі соңғы уақытта үнемі ұрып-соғып келген көрінеді. Тіпті алғашқы сәбиіне жүкті кезінде алған соққысынан іштегі сәбиін түсіріп алыпты. Шымкент қаласының 18 жастағы тұрғыны Жансая (есімі өзгертілді) өзінің тұрмыстағы өмірін еске алғысы келмейді. Жарымен […]