Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Lada Granta» маркалы көліктің жүргізушісі арызданды. Әйелдің айтуынша, ол көлігіне жол бойында тоқтатқан таныс әйелді мінгізген. Содан жолаушы діттеген жеріне түскен соң, жүргізуші өзінің артқы орындығында тұрған қол сөмкесінің ішінен алтын бұйымдарының жоқ екенін байқайды. Танысынан күдіктенген жәбірленуші бірден полицейлердің көмегіне жүгінеді. Келтірілген шығын көлемі 2,5 миллион теңге жуық. Аталған фактіні […]