Биылдан бастап басқа қаладан келген колледж студенттерінің жол жүру ақысы билетсіз-ақ өтеледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Ғани Бейсембаев мәлімдеді. Оқу-ағарту министрі техникалық және кәсіптік білім берудегі жаңалықтарға тоқталды. «Биылдан бастап басқа қаладан келген студенттерге каникул уақытында растайтын құжаттарсыз жол жүру ақысына өтемақы (4 АЕК, биыл 13 800 теңге) төленеді»,- деді Бейсембаев […]