Келесі жылы колледж студенттерінің шәкіртақысы тағы елу пайызға өседі. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс көлемін 155 мыңға дейін арттыру көзделіп отыр. Оның 70%-ін техникалық мамандықтарға бағыттау жоспарланған. «Студенттерді әлеуметтік қолдау мақсатында биылғы оқу жылынан бастап стипендия 50%-ке өсті, ал 2024 жылы тағы 50%-ке арттыру көзделіп отыр», – деді Бейсембаев үкімет отырысында. […]