Колледждерде тегін білім алуға құжат қабылдау 20 тамызға дейін жалғасады. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға артты. Жалпы колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарланып отыр. Мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға бағытталып, геология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, құрылыс және коммуналдық шаруашылық бағыттар бойынша ұлғайтылды.