Әлеуметтік желілерде зейнеткерлерге материалдық көмек көрсетілетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі желіде тараған ақпарат жалған екенін мәлімдеді. «Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан, үкімет қаулысымен барлық зейнеткерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетіледі» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі, үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданған жоқ. […]