Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, үйінде тұрған 30 келі жылқы етін белгісіз біреу ұрлап кеткенін жеткізген. Келтірілген шығын көлемі 75 000 теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары хабар түсісімен оқиға орнына жетті. Орын алған ұрлық қылмысын ашуға бағытталған шараларды жасады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жинақталған ақпарат көздері […]