Архив — өткеннің үнін бүгінге жеткізетін құнды қазына. Мұнда ел тарихына қатысты маңызды құжаттармен қатар, қоғамның дамуына үлес қосқан азаматтардың өмірі мен еңбегін айғақтайтын деректер де сақталады. Шымкент қаласының архивтер басқармасында жастарға арналған ашық есік күні өтіп, студенттер көне құжаттармен танысты. Өнер мен дизайн саласында білім алып жүрген Рауана Әділ архивке алғаш рет келіп […]