Жаңа піскен жеміс-жидектердің адам ағзасына қаншалықты пайдалы екендігі бәрімізге белгілі. Дегенмен, піскен жеміс-жидектер тез бұзылатын тағамға жатады. Оларды бұзылудан негізінен екі жолмен қорғауға болады: герметикалық ыдыстарда консервілеу және әртүрлі өңдеу әдістері арқылы (кептіру, көп мөлшерде қант қосып қайнату т.б.). Соның ішінде үй жағдайында консервілеу әдісін қолданған кезде өнімді дайындау технологиясын қатаң сақтау талап етіледі. Консервілеуге […]