Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованың төрағалығымен азаматтардың Конституциялық сотқа жолдаған өтініштерін қарауға қатысты мәселелер талқыланды. Азаматтың Конституциялық сотқа өтінішпен жүгіну құқығы Ата заңның 72-бабында бекітілген. «Бүгінгі таңда Конституциялық сотқа азаматтардан 500-ден аса өтініш келіп түсті. Олардың басым бөлігі екі жылдан астам уақыт бұрын күшіне енген қылмыстық сот үкімдерінің күшін жоюға, тексеруге және қайта қарауға қатысты. […]