Азаматтар Конституциялық Сотқа жүгіне отырып, әділдік пен заңдылықты орнатуға жәрдемдесіп жатыр. Осылай деген Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова ҚР парламентінің бірлескен отырысында соттың жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы баяндады. Сонымен қатар, жиында Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері талқыланды. Конституциялық сотқа жүгінгендердің 41 пайызы сот шешімен келіспеген азаматтар. […]