Көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы Кәмелетке толмаған 4 және одан көп немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасыларға мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді. Ол отбасының кірісіне қарамастан барлық көпбалалы отбасыға бала санына қарай беріледі. 2023 жылы оның мөлшері: 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге; 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 […]