Жыл басынан бері 496,6 мың көпбалалы отбасыға 283,7 миллиард теңге жәрдемақы төленді. Соның ішінде қазан айында 494 мың отбасы 29,9 млрд теңге жәрдемақы алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Мемлекеттік жәрдемақы кәмелетке толмаған 4 және одан көп немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасыларға табысына қарамастан беріледі. […]